Қазақстан теннистен әлемнің көшбасшы елдерінің қатарына енді

Қазақстандық теннисші Александр Бубликтің Гонконгта өткен ATP 250 турниріндегі тарихи жетістігінен кейін еліміз әлемдік теннис элитасына қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Александр Бубликтің Гонконгтегі аталмыш турнирде ақтық сында италиялық Лоренцо Музеттимен өзара мықтыны анықтады.
Отандасымыз қатарынан екі сетте басымдық танытып, айтулы турнирдің жеңімпазы атанды.
Бұл жеңістен соң Александр Бублик ATP рейтингінде үздік ондықтың қатарына енді. Ал қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде топ-5 спортшының қатарында тұрақты түрде өнер көрсетіп жүр.
Осылайша Қазақстан ATP және WTA рейтингтерінің топ-10 тізімінде өкілдері бар санаулы үш мемлекеттің біріне айналды. Мұндай жоғары көрсеткішке әлемде тек АҚШ пен Италия ғана қол жеткізген.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған

