"Қайраттың" кезекті қарсыласы — "Олимпиакос" Астанаға келді

Чемпиондар лигасының 6-турында алматылық "Қайрат" Грекияның "Олимпиакос" клубына қарсы ойнайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
7 желтоқсан күні грек командасы Астанаға ұшып келді.
Бұл ойын екі ұжым үшін де турнирлік жағдайды жақсарту үшін маңызды ойын болмақ.
Қазіргі турнир кестесінде "Олимпиакос" 2 ұпаймен 33-орында, ал алматылық клуб 1 ұпаймен 35-орында тұр.
Айта кетейік, "Олимпиакос" – 48 дүркін Грекия чемпионы 29 рет Грекия кубогін жеңіп алған, сондай-ақ бірнеше рет суперкубоктің иегері.
Бұған дейін Уразбахтиннің шәкірттері өз алаңында "Реалдан" 5:0 есебімен ойсырай жеңіліп, "Пафоспен" 0:0 болып тең түсті. Ал "Қайрат" сырт алаңда "Интерге" 2:1 есебімен есе жіберіп, Данияда "Копенгагенге" қарсы ойында 3:2 нәтижесімен жол берген.
"Қайрат" пен "Олимпиакос" арасындағы матч ертең, 9 желтоқсанда "Астана Аренада" өтеді.
Вице-министрге берілген ресми құжаттағы қазақша мәтін желіде қызу талқыға түсті
Желі қолданушыдарының пікірінше, құжаттағы "наградталды" сөзі орыс тіліндегі "награждается" сөзінің тікелей аудармасы
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді

