“Мектеп әкімшілігі жағдайды қазір жан-жақты тексеріп жатыр. Кеше аудандық полиция бөліміне, мектеп инспекторына жүгіндік. Ата-аналар бүгін түске дейін келуге тиіс. Егер оқиғаның мектепке қатысы бары анықталса, кінәлі оқушыны міндетті түрде табамыз. Бұл іспен аудандық ішкі істер бөлімі айналысады”, – деді М.Ғабдуллин атындағы орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Назгүл Орысбек.
Кейін ата-аналармен және полициямен бірлесіп шаралар қабылданып, заңға сәйкес айыппұлдар мен басқа да жазалар қолданылмақ.

