Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады (видео)

Фото: Біріккен авиациялық құрылыс корпорациясы

25 ақпан күні Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу кезінде Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды. 

Қорғаныс министрлігі 2020 жылғы 16 сәуірде Қарағанды қаласы маңында әскери міндетті орындауға дайындық барысында жоспарлы ұшуды жүзеге асыру кезінде Қарулы күштердің Әуе күштеріне қарасты МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырағанын мәлімдеді.

“Оқиға Қарағанды аэродромының оңтүстігінде болды. Ұшақ көтерілгеннен кейін бір қозғалтқышта өрт шықты. Катапульттеу командасын алған әскери ұшқыштар ұшақты ауылдық елді мекендерден алыс, далаға бағыттап, азаматтық халыққа қауіп төнбейтініне көз жеткізгеннен кейін экипаж катапульт жасады”, – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақ апаты кезінде экипаж дер кезінде катапульт жасап үлгерген.

“Екі ұшқыш та тірі, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Ұшақ құлаған орын қоршауға алынды. Халыққа және инфрақұрылым нысандарына қауіп тіркелмеді”, – деп мәлімдеді ведомство.

Ұшақтың апатқа ұшырау себептері мен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылды. Комиссияны Ұшу қауіпсіздігі департаментінің басшысы басқарады. Комиссияның құрамында авиация қызметінің салалық мамандары бар.



Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Бұған дейін ресейлік жойғыш ұшақ Атырау әуежайына шұғыл қонған еді. 

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 25 Ақпан, 2026 14:35