NEF Qazaqstan басшысы Тарык Волкан Оскай Қазақстанға экстрадицияланды

NEF Qazaqstan компаниясының басқарушы серіктесі Тарык Волкан Оскай Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бас прокуратураның мәліметінше, Қазақстан бас прокуратурасы және ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері аса ірі көлемде қаражат ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында аталған Черногориядан түрік азаматын экстрадициялаған.
“Тергеу барысында аталған жеке тұлға құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, 2022-2024 жылдар аралығында жалған келісімшарттар жасап және үлестес ұйымдар арқылы Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің құрылысына арналған 6 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырғаны анықталды”, – делінген хабарламада.
2025 жылдың наурыз айындада ол Черногорияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Экс-кеден қызметкері Испаниядан экстрадицияланды: Ол бюджетке 45 миллион шығын келтірген
Қазір күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Ресми хабарламада күдіктінің аты-жөні көрсетілмесе де, Алматы прокуратурасы күдіктінің NEF Qazaqstan компаниясының басқарушы серіктесі Тарык Волкан Оскай екенін растады.
Еске салсақ, бұған дейін іздеудегі NEF Qazaqstan басшысы Тарык Волкан Оскай ұсталғаны туралы жазған едік.
Атырау әуежайында "сөмкемде бомба бар" деп әзілдеген жолаушының үстінен іс қозғалды