Италиялық биатлоншы Олимпиада алдында допинг дауына ілікті

Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтетін қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында италиялық биатлоншы Ребекка Пасслер допинг дауына ілікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарыс алдында алынған талдаулар барысында спортшының ағзасынан летрозол атты тыйым салынған зат анықталған.
La Repubblica басылымының жазуынша, бұл дәрі көбіне анаболикалық заттарды қолданғаннан кейін гормоналды тепе-теңдікті қалпына келтіру мақсатында, сондай-ақ сүт безі қатерлі ісігін емдеуде пайдаланылады.
Аталған жағдай 2026 жылғы қысқы Олимпиада қарсаңында олимпиадалық құрамалар арасында тіркелген алғашқы допинг оқиғасы болып отыр.
Айта кетейік, қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылдың 6-22 ақпаны аралығында өтеді.
Байрақты бәсекеде Қазақстан атынан 36 спортшы ел намысын қорғайды.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған