Имамдар барысы: Қарағандыда дін өкілдері боз кілемде күш сынасты
Қарағандының Шахтинск қаласында имамдар күресті. Жарысқа аймақтың 40-қа жуық дін өкілі келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан арнасына сілтеме жасап.

Палуандар 70 және 90 келіге дейінгі үш салмақ дәрежесі бойынша күресіп, өзара кім мықтыны анықтады. Бұл дін өкілдері мен теологтар арасындағы тұңғыш рет ұйымдастырылған жарыс. Мақсат - салауатты өмір салтын насихаттап, әріптестік байланысты нығайту.
Облыстың бас имамы Естай Айтуғанұлы имамдар рухани байлықпен қатар қосымша спорт түрлеріне де атсалысып, жастарға үлгі болуы керегін айтады.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған