Идеяны жүзеге асыруға $100 000: Қазақстандық студенттер Red Bull Basement-пен бірге Кремний алқабына аттанады

Фото: Максим Малов
Red Bull Basement – технологиялық және стартап идеялары бар студенттерге арналған жаһандық бастамаға өтінім қабылдау ашылды. Өтінімді 2026 жылдың 15 наурызына дейін redbullbasement.com сайтында беруге болады.
Қазақстандық ұлттық іріктеудің жеңімпазы өз жобасын АҚШ-тағы Кремний алқабында өтетін әлемдік финалда таныстырып, идеясын жүзеге асыру үшін $100 000 инвестиция алу мүмкіндігі үшін күреседі.
Қазақстандық жобалардың тарихы
2024 жылы Red Bull Basement ұлттық финалының жеңімпазы Тараз жоғары сынып оқушылары Қанат Тәжіхан мен Султан Жумакадыр әзірлеген Umit жобасы болды.
Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі адамдарға тіл қимылы арқылы технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін құрылғыны ұсынады. Идея авторлардың егде жастағы туыстары күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарын бақылау нәтижесінде пайда болған.

Фото: Максим Малов
Жобаны әзірлеу барысында негізгі қиындықтар микрочиппен жұмыс істеу кезінде жоғары дәлдікті талап етуі, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдармен сұхбат жүргізу және тестілеу үдерісін ұйымдастыру болды, себебі олардың көпшілігі үйде отырады. Алдағы уақытта жоба негізін қалаушылар шешімді дамытып, қоғамдық қорлармен ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр.
Кімдер қатыса алады?
- 18 жастан асқан университеттер мен колледждердің студенттері біріккен 1-2 адамнан құралған командалар;
- Бағдарламалық қамтамасыз ету, бұлтты технологиялар және жасанды интеллект саласындағы жобаларға басымдық беріледі.

Фото: Максим Малов
Қалай өтінім беруге болады?
Қатысушылар redbullbasement.com сайтында жобаның идеясын, мақсатты аудиториясын, шешілетін мәселені және оны шешу жолын сипаттауы қажет.
Биыл өтінім беру үдерісіне арнайы ЖИ көмекшісі енгізілген: ол өтінімді жетілдіруге көмектеседі. Тіркелгеннен кейін қатысушылар өз жобаларын дамыту үшін Microsoft Azure Credits тегін алады.

Фото: Максим Малов
Әрі қарай не болады?
Барлық өтінімдерді сарапшылардан құралған қазылар алқасы қарайды. Іріктелген командалар 1 минуттық видео-питч жазып, соның нәтижесінде ұлттық кезеңнің жеңімпазы анықталады. Жеңімпаз Қазақстан атынан АҚШ-та өтетін әлемдік финалға қатысады.
Фото: Максим Малов
Қатысушылар не алады?
- Жеңімпаз жобаны жүзеге асыруға $100 000 және $25 000 көлемінде Microsoft Azure Credits;
- Халықаралық сарапшылар және менторлармен жұмыс;
- Нетворкинг, серіктестер мен инвесторларды тарту мүмкіндігі;
- Жаһандық ЖИ және бұлтты құралдармен жұмыс істеу тәжірибесі.
Атырауда грек-рим күресінен тұңғыш әлем чемпионының құрметіне су жаңа спорт кешені салынбақ