Геннадий Головкин XXI ғасырдағы ең үздік боксшы атанды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин XXI ғасырдың ең үздік боксшылардың бірі атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Boxing.media платформасы қазіргі заманның ең мықты былғары қолғап шеберлерінің рейтингін жариялады. Аталған тізімде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 11-орынға ие болды.
Аңызға айналған боксшы орта салмақта WBA, IBF және WBC нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерін ұзақ жылдар бойы абыроймен қорғап, ел мерейін асқақтатты.
Boxing.media нұсқасы бойынша XXI ғасырдың үздік 25 боксшысы:
1. Флойд Мейвезер (АҚШ)
2. Мэнни Пакьяо (Филиппин)
3. Бернард Хопкинс (АҚШ)
4. Александр Усик (Украина)
5. Сауль Альварес (Мексика)
6. Андре Уорд (АҚШ)
7. Теренс Кроуфорд (АҚШ)
8. Хуан Мануэль Маркес (Мексика)
9. Рой Джонс кіші (АҚШ)
10. Наоя Иноуэ (Жапония)
11. Геннадий Головкин (Қазақстан)
12. Джо Кальзаге (Ұлыбритания)
13. Эрик Моралес (Мексика)
14. Василий Ломаченко (Украина)
15. Оскар Де Ла Хойя (АҚШ)
16. Роман Гонсалес (Никарагуа)
17. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания)
18. Мигель Котто (Пуэрто-Рико)
19. Виталий Кличко (Украина)
20. Марко Антонио Баррера (Мексика)
21. Кэти Тейлор (Ирландия)
22. Владимир Кличко (Украина)
23. Кларесса Шилдс (АҚШ)
24. Рональд Райт (АҚШ)
25. Тимоти Брэдли (АҚШ)
Айта кетейік, Геннадий Головкин әуесқой бокста 350 жекпе-жек өткізіп, оның 345-інде жеңіске жеткен. Ал кәсіпқой рингте 45 рет жұдырықтасып, 42 рет жеңіске жетті. Оның 37-сін нокаутпен аяқтаған.
Қазіргі таңда Геннадий Головкин World Boxing халықаралық федерациясының президенті. Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті президенті қызметін атқарады
Әділет Садыбеков “Арсенал” ойыншысы Кай Хавертцпен не туралы сөйлескені белгілі болды