Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасымен алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Өзбекстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Фабио Каннаваро командамен алғашқы кездесуін жеңіспен бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жолдастық ойында өзбек футболшылары Кувейт құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Бұл матч италиялық маманның ел құрамасындағы дебюті болды.
52 жастағы Каннаваро 6 қазанда Өзбекстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстаған еді. Ол қызметінен кеткен Тимур Кападзенің орнына келді. Кападзе басшылығымен Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған болатын.
Енді Каннаваро шәкірттері 13 қазанда Уругвай құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді.
Вице-министрге берілген ресми құжаттағы қазақша мәтін желіде қызу талқыға түсті
Желі қолданушыдарының пікірінше, құжаттағы "наградталды" сөзі орыс тіліндегі "награждается" сөзінің тікелей аудармасы
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді

