Еуролига мен НБА Еуропада жаңа дивизион құру мәселесін қарастырып жатыр

Еуролига акционерлері Барселонада жиналып, НБА-ның Еуропада бөлім ашу жоспарын талқылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Барселонада Еуролига акционерлерінің кездесуі өтті. Sportando басылымының хабарлауынша, жиын барысында Солтүстік Американың НБА лигасының 2027 жылы Еуропада өз филиалын құру жоспары сөз болды.
Алдын ала мәліметке сай, жаңа еуропалық дивизионда 16 команда ойнайды: олардың 12-сі тұрақты негізде қатысса, тағы төртеуі жергілікті чемпионаттар нәтижесі бойынша іріктелмек.
Еуролига басшылығы бұл тақырыпты алдағы 8 қазанда Женевада өтетін ФИБА мен НБА қатысатын саммитте де талқылауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, директорлар кеңесінің отырысында көпжылдық лицензия алуға әлі келісімшарт жасамаған "Реал", "Барселона", "Фенербахче" және "Виллербан" клубтарының болашағы қаралды.
Вице-министрге берілген ресми құжаттағы қазақша мәтін желіде қызу талқыға түсті
Желі қолданушыдарының пікірінше, құжаттағы "наградталды" сөзі орыс тіліндегі "награждается" сөзінің тікелей аудармасы
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді

