Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында енесін пышақтап өлтірген әйел жазадан құтылып кетті

Фото: shutterstock.com

Атырау облыстық сотында енесін өлтірді деп айыпталған 39 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сот мәліметінше, 2025 жылдың 10 мамырда айыпталушының күйеуі 1942 жылы туған, төсекке таңылған қарт анасын күтім жасау үшін Жасқайрат ауылындағы үйіне алып келген. Алайда оның жұбайы бұған қарсы болып, соның салдарынан отбасында жанжал туындаған.

“27 мамыр күні күйеуінің үйде жоқтығын пайдаланып, әйел дәрменсіз енесінің бас тұсына ас үй пышағымен 4–5 рет соққы жасаған. Жәбірленуші аудандық ауруханада көз жұмды”, – делінген Атырау облыстық сотының хабарламасында.

Қонақүйден қашпақ болған: Атырау облысында бір отбасының өліміне күдікті күйеу баласы мен қызының ұсталған сәті көрсетілді

Петропавлда теледидар пульті кісі өліміне себеп болды


Кешенді сот-психиатриялық сараптама айыпталушының созылмалы психикалық науқас “параноидты шизофрениямен” ауыратынын анықтады. Денсаулық жағдайына байланысты әйел сот отырыстарына қатыса алмаған.

"Сот әйелдің қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 3-тармағында көзделген "дәрменсіз күйде екені алдын ала белгілі адамды өлтіру" қылмысын есі дұрыс емес жағдайда жасағаны туралы қорытындыға келді, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылды", – делінген сот хабарламасында. 

Сотталушы есі дұрыс емес деп танылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Оған мамандандырылған психиатриялық ауруханада мәжбүрлі ем тағайындалды. 

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде күйеуін өлтірді деп айыпталған 37 жастағы әйел сот залынан босатылғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Жұма, 27 Ақпан, 2026 18:45