Қазақстанда доллар бір тәулікте 3,5 теңгеге арзандады

2026 жылғы 3 наурызда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 498,09 теңге болып, 3,54 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы 6,43 теңгеге дейін төмендеді (-0,06).
Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 72,14 теңгені көрсетті (-1,06).
Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 498,5 теңгеден сатып алынып, 500,26 теңгеден сатылып жатыр. Астанада сатып алу бағамы – 495 теңге, сату бағамы – 502 теңге.
Ал 3 наурыздағы саудада әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр. Атап айтқақ, Brent маркалы мұнайдың бағасы 2,2% өсіп, барреліне 79,44 долларға жетті. West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай да 1,6% қымбаттап, барреліне 72,40 доллар болды.
Айта кетейік, кеше өор нарығында доллар 5 теңгеге қымбаттаған еді.
Ақтаудағы ХҚКО қызметкерлері жаппай жұмысқа шықпай қойды
Қызметкерлердің айтуынша, бір клиенттің шағымынан кейін басшыны қызметінен алып тастаған
Қырғызстан президенті тікұшақпен түрмеден ұшып кеткен сотталушыға қатысты дау үшін түсініктеме беруге мәжбүр болды
Президент Ажиевті ғана емес, басқа да сотталғандарды кешіргенін атап өтті