"Демалысты жақсы өткізген сияқты”: Семейде прокуратура ғимаратының терезесі алдынан ішімдік бөтелкелері байқалды

Желіде Семей қаласындағы Абай облысының прокуратурасының ғимаратында терезе алдында алькоголді ішімдік бөтелкелерінің тұрған видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кадрлардан авторлар облыстық прокуратура ғимараты деп көрсеткен ғимараттың бір терезесінің алдына алкогольдік ішімдіктердің бос бөтелкелері қойылғаны көрініп тұр.
Бейнежазбаны көшеден өтіп бара жатқан адамдар түсірген. Қазір ол мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде кеңінен таралуда. Telegram-арналардың бірінде видео мынадай ирониялық пікірмен жарияланған:
"Кімде қалай, ал Абай облысының прокурорлары демалысты жақсы өткізген сияқты”, – делінген жазбаларда.
Абай облысының прокуратурасы бұл бейнежазбаның таралу фактісі бойынша қызметтік тексеру басталғанын хабарлады.
"Қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша кінәлі тұлғаның тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселе шешіледі", – деп мәлімдеді қадағалау органы.
"5 жыл бойы жиналған": Алматыда дәрігерлер 25 жастағы әйелдің асқазанынан бір бума шаш алып шықты