Дастан Сәтпаев Бельгияға қарсы матчта рекорд жаңартты

Алматылық “Қайрат” пен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Бельгияға қарсы матчта рекорд бұзды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол Қазақстан сапында Бельгияға қарсы ойынның алғашқы таймында гол соғып, есеп ашты. Осылайша ол ұлттық құрама сапында гол соққан ең жас футболшы атанды. Бұған дейін бұл рекорд Еркебұлан Сейдахметке тиесілі болған. Тараз түлегі 18 жас 1 ай, 19 күнінде гол соққан еді.
Сонымен қатар бұл – Дастанның Қазақстан құрамасында соққан алғашқы голы.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев “Қазақстан” командасында барлығы 5 ойын өткізіп, сәтті ойындарымен жанкүйерлердің ерекше ықыласына бөленіп жүр.
Алматы облысында жеке үйдің "жаңа жылдық" безендіруі желідегілерді сүйсінтті (видео)
Алматы облыстық ТЖД ғимараттардың сырьын Жаңа жылға безендіру заңға қайшы келмейтінін атап өтті
Елдос Сметов жоқ: Париждегі “Гранд-Слэм” турниріне қатысатын дзюдошылар белгілі болды
Елдос Сметов болса 2024 жылы Париж Олимпиадасынан бері әлі татамиге оралған жоқ