Дариға Назарбаева тұрақты рейстердің бірінде көзге түсті

Қазақстандық PR-маман әрі блогер Әлішер Елікбаев ұшақта Дариға Назарбаевмен көршілес отырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Күтпеген кездесу туралы блогер өзінің әлеуметтік желідеге парақшасында жазды. Блогер экс-президенттің отбасы мүшелері жеке ұшақты ғана пайдаланады деп ойлағанын жасырмады.
Дариға Назарбаева Дубай әуежайында көзге түсті
Айтуынша, бұл жағдай Астанадан Алматыға бағыт алған кәдімгі тұрақты рейсте болған.
“Мен оларды тұрақты рейстермен ұшпайды деп ойлайтынмын. Ұшақ әуеге көтерілгенде ұйықтап кетіппін, қонуға жақындағанда оянсам, қасымдағы орында Дариға Нұрсұлтанқызы отыр екен. Оққағарының бойы менімен бірдей, бірақ дене бітімі менен екі есе үлкен”, – деп жазды Елікбаев.
Бұған дейін “Целинный” орталығындағы жабық іс-шарада бой көрсеткен еді.
Қазақстандық зейнеткер алаяқтарға 10 миллион теңгеден астам ақша аударып жіберген
Ол интернеттен тез және көп табыс табуға болады деп сендірген инвестициялық жоба жарнамасын көріп қалған
Италиялық спортшы туған күнінде Олимпиада чемпионы атанып, рекорд жаңартты
35 жастағы конькиші бұған дейін 2022 жылы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында күміс және қола медаль жеңіп алған