Бүгін XXV қысқы Олимпиада ойындары жалауын көтереді

6 ақпан, яғни бүгін, төрткүл дүние назарын аудартатын XXV қысқы Олимпиада ойындары басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан атынан 10 спорт түрінен 36 спортшы бақ сынайды. Ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Денис Никиша мен фристайл-могул шебері Аяулым Әмренова алып шығады.
Ашылу рәсімі Миландағы әйгілі "Сан-Сиро" стадионында өтеді.
Қазақстан құрамасында 18 ер және 18 әйел спортшы бар. Еліміздің ең жас спортшысы – 16 жастағы Асан Асылхан (фристайл-акробатика), ал ең тәжірибелі спортшы – 33 жастағы шорт-трекші Абзал Әжіғалиев.
Бұл қысқы Олимпиада ойындарының басты ерекшелігі – жарыстың бірден үш қала мен өңірде өтуі: Ломбардиядағы Милан, Венето, Трентино; сондай-ақ Кортина-д’Ампеццо, Вальтеллина және Валь-ди-Фьемме аймақтары.
Қазақстан құрамасының Олимпиадаға арналған формасын кім тікті және қанша қаржы жұмсалды
Ресми: Алматы қаласы 2029 жылғы Х қысқы Азия ойындарын қабылдайды
Жарыста барлығы 195 медаль жиынтығы сарапқа салынады, оның ішінде 116 олимпиадалық және 79 паралимпиадалық медаль бар.
Аталмыш бәсеке 6-22 ақпан аралығында өтеді.
Халықтан 25 миллиард теңге жинаған "Asar Baspana" қаржылық пирамидасының ісі сотқа жолданды