Бүгін - Халықаралық балаларды қорғау күні! Қазақстанда қанша бала бар
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы балалар санын жариялады. Сондай-ақ, деректе ұлдар мен қыздардың да пайыздық мөлшерлемесі көрсетілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дерекке сүйенсек, бүгінде ел аумағында 16 жасқа дейін 6 миллион 162 мың бала бар екен. Олардың ішінде 51,4% ұлдар болса, 48,6% – қыздар.
Ал балалардың басым бөлігі қалалық жерде тұрады. Шамамен 3 миллион 664 мың бала. Ал 2 миллион 497 мың өскелең ауылдық жерлерде.

Фото: Ұлттық статистика бюросы
Өңірлер бөлінісі бойынша Түркістан облысы көш басында. Балалардың ең көбі аталмыш облыста - 836 мың, одан кейін Алматы қаласы және Алматы облысында, сәйкесінше 592 мың және 498 мың баладан.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған