Бельгия 16 жастан бастап дауыс беру құқығын енгізбек
Бельгия мемлекеті ел тұрғындарына 16 жастан өз таңдауын жасауға мүмкіндік бермекші. Осылайша жастар Еуропарламент сайлауында дауыс бере алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еuronews-ке сілтеме жасап.

Дерекке сүйенсек, Белгия сайлау науқанында дауыс беру жас айырмашылығына өзгеріс енгізуге шешім қабылдаған 4-ші мемлекет. Бұған дейін Мальта, Германия және Австрия елдері осындай заңды мақұлдаған еді.
“Жас айырмашылығын төмендете отырып, біз халықтың, оның ішінде жастардың да үнін, таңдауын естігіміз келеді”, - дейді ішкі істер министрлі Аннелиз Верлинден.
Осылайша мемлекеттегі 280 000 мыңға жуық бельгиялық жастар келер жылғы сайлау науқанына қатыса алады. Бірақ бұл жаңашылдықтың өз ерекшелігі бар. Яғни кәмелет жасына толған тұрғындар автоматты түрде дауыс беру құқына ие болса, 16 жастан ақан азаматтар сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруге ниетті екенін айта тіркелуі қажет.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған