Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баспана кезегі: Отбасы банкі қазіргі ахуалды және қабылданған жаңа шараларды түсіндірді

Баспана кезегі: Отбасы банкі қазіргі ахуалды және қабылданған жаңа шараларды түсіндірді

Фото: Ru.freepik.com

Азаматтардан түсіп жатқан өтініштер мен БАҚ-да тұрғын үй кезегі мен бөлінуі туралы айтылып жатқан мәселелерге байланысты Отбасы банк төмендегіні хабарлайды.

2025 жылдың мамыр айынан бастап Отбасы банк тұрғын үйге мұқтаж адамдардың кезегін орталықтандырылған түрде жүргізіп, жалға және кредиттік тұрғын үйді бөледі. 2025 жылдың тамызында әкімдіктер банкке 642 мыңнан астам кезекте тұрған адамның деректерін жолдады. Қазан айынан бастап осы базаны кезең-кезеңімен тексеру басталды. Ондағы мақсат – мәліметтерді жаңартып, мемлекеттік қолдауды әділ бөлуге мүмкіндік жасау.

Жөнелтілген деректерді талдау барысында бұрын толық реттелмеген жүйелік және азаматтардың жеке жағдайлары анықталды. Атап айтқанда, қағаз есептен электрондық есепке өткенде деректердің жоғалуы, мекенжайдың өзгеруі, мүлікте кішкене үлестің болуы, отбасы құрамын тіркеген кезде кеткен қателіктер, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтар – жетім балалар, мүгедектігі бар адамдар және олардың заңды өкілдерінің жағдайына қатысты мәселелер.

Өтініштерді талдаған соң, Отбасы банк азаматтардың құқықтарын қорғау және олардың кезектен негізсіз шығарылмауын қамтамасыз ету үшін бірнеше шешім қабылдады. Ең жиі кездесетін мәселелер бойынша Отбасы банктің шешімдері:

1.Мекенжайды ауыстырғаны үшін кезектен шығару (әсіресе жетім балалар үшін)

Мәселе: Мектептен кейін жетім балалар көбіне басқа қалаға оқуға немесе жұмысқа кетіп, тіркеуін өзгертеді немесе уақытша тіркеусіз болады. Сол себепті тұрғын үйді бөлу кезінде “бөлінбейтіні” яғни “мүмкін емес” деген жауап берілген.

Шешім: Енді бұл категориядағы адамдар үшін тек кезекке тұрған аймақ есепке алынады, қазіргі тіркеу орны емес. Мұндай азаматтар мемлекеттік қолдауды кезекте тұрған аймақта ала алады.

2. Тіпті аз ғана тұрғын үй үлесінің болуы қолдау алуға кедергі жасады

Мәселе: Бұрын адамда пәтерде минималды үлес болса (мысалы, ата-анасының жекешелендірілген пәтерінде), ол жеңілдетілген ипотека немесе жалға берілетін тұрғын үй алу құқығынан айырылатын.

Шешім: 2026 жылдың ақпан айынан бастап үлестің болуы кедергі болмайды. Кезекте тұрғандар үлесі болса да, жалға берілетін тұрғын үй мен жеңілдетілген ипотека ала алады.

3. Кезекте тұрған адам сатып алу-сату келісімін бұзғаннан кейін тіркеуден шығарылды

Мәселе: Егер адам кредиттік немесе жалға берілетін тұрғын үйден бас тартып, әкімдікпен келісімді бұзса, жүйе оны соңғы 5 жылда тұрғын үйі бар деп есептеп, тіркеу мәртебесін тоқтататын.

Шешім: Егер адам шындығында сол тұрғын үйде тұрмаған болса (ипотека алмаған немесе жалға берілетін үй жарамаған), және әкімдікпен келісімді ресми түрде бұзу туралы құжаты болса, ол адам қайтадан кезекке тұрып, мемлекеттік қолдауды ала алады.

4. Жақын туыстары жоқтығынан пәтерден бас тарту

Мәселе: Кейбір кезекте тұрғандар (жетім балалар, мүгедектігі бар адамдар) жақын туыстары жоқ немесе қажетті табысы жоқ болғандықтан, талапқа сәйкес бола алмады.

Шешім: Оларға рұқсат берілді: табыссыз да талапты өтеуге; қосалқы қарыз алушылар ретінде (кепілгер ретінде) екі адамға дейін тартуға. Бұл жағдайда олардың отбасының табысы тексерілмейді.

5. Бақша шаруашылығында үйі болғандықтан мемлекеттік қолдау ала алмау
Мәселе: Бақша үйі мен тіркеме бөлмесі тұрғын үй ретінде саналмайтынына қарамастан, бұл жеңілдетілген ипотека бермеуге себеп болды.

Шешім: “Бақша шаруашылығы” учаскесіндегі  үйі бар адамдар кезекке тұра алады және мемлекеттік қолдау ала алады.

6. Кезекке қою кезінде кеткен қателіктер (қате адамды қойған)

Мәселе: Бұрын деректерді қолмен енгізу кезінде кейде қамқоршыларды тәрбиеленушілердің орнына немесе балаларды ата-ананың орнына жазған.

Шешім: Қателерді арыз, әкімдік хаты немесе сот шешімі бойынша түзетуге болады.

7. Отбасының құрамында бөтен адамдар көрсетілген

Мәселе: Кейбір кезекте тұрғандар жүйеде өз туыстары емес адамдардың көрсетілгенін байқаған.

Шешім: Мұндай адамдар арыз және растайтын құжаттар бойынша отбасы құрамынан шығарылуы мүмкін.

8. Облыстар мен қалалардың шекарасын өзгерту

Мәселе: 2022 жылғы әкімшілік реформадан кейін кезекке тұрған аймақ туралы кей деректер ескірген.

Шешім: Кезекке тұрған аймақты арыз арқылы түзетуге рұқсат берілді.

9. Қазақстаннан тыс аумақтағы неке және балалардың елден кетуі

Мәселе: Шетел азаматтарымен некеде немесе балалар шет елге кеткен жағдайда жүйедегі деректер дұрыс деп саналмайтын. 

Шешім: Шетел азаматтары – жұбайлар отбасы құрамынан инвентаризация және тұрғын үйді бөлу кезінде шығарылуы мүмкін.

10. Тұрғын үйді ескірген деректер бойынша бөлу

Мәселе: kezekte.kz жүйесіндегі ескі деректерге сүйене отырып тұрғын үйді бөлу қателіктерге әкелген. Мысалы, шын мәнінде жоқ үлкен отбасыға пәтер бөлінуі немесе кезекте тұрған адамның ұзақ уақыт күтуде қалуы

Шешім: Жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй тек түгедеуден өткен, яғни деректері жаңартылған адамдарға бөлінеді.

Отбасы банк барлық шешімдердің Қазақстан Республикасы заңнамасы шеңберінде жүзеге асатынын, азаматтардың мүддесі мен тұрғын үй мәселесінің әлеуметтік маңызды екенін атап көрсетеді.

“Кезектегі әр жазбаның артында отбасының өмірі, үміті барын түсінеміз. Біздің міндет – әр жағдайды әділ қарастыру. Бұрын жүйеде қателік болса, оны бүгін түзетуіміз керек. Отбасы банк халықтың мұң-мұқтажын естіп отыр,  және ел тұрғындарының өмірін нақты жақсартатын шешімдер қабылдауды жалғастырады”, – деп атап өтті, Отбасы банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Отбасы банк деректерді жаңарту жұмыстарын жалғастырады және болашақта күрделі жағдайларды кешенді әрі жедел қарастыру үшін арнайы тұрғын үй комиссиясын құру мүмкіндігін жоққа шығармайды.

“Отбасы банкі” тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын жалғыз банк. Банк Еуропалық құрылыс жинақ кассалары Федерациясынан (ЕФСК) және халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру Ода”Ұлттық инвестициялық холдингі” АҚ болып табылады.

ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 11.06.2025ж. бастап берген №1.1.117 лицензиясы

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 09 Ақпан, 2026 15:47