Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анатолий Балушкиннің меншігінде болған "Нұртау" курорты сатылымға шығарылды

Анатолий Балушкиннің меншігінде болған Фото: Yandex.kz/maps

Бұған дейін кәсіпкер Анатолий Балушкинге тиесілі Шығыс Қазақстан облысындағы “Нұртау” тау шаңғысы курорты саудаға шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Курорттың құрамындағы жылжымалы және жылжымайтын мүліктің, соның ішінде ғимараттар, жер учаскелері мен құрылыстардың нарықтық құны 11,8 миллиард теңге деп бағаланды. Алайда сауда шартына сәйкес, нысанды мемлекеттік заңды тұлғалардың меншігіне беріп, тіркеуді қарастырып отыр. Яғни қайтарымсыз негізде, тегін берілмек.

Қазір курорт Шығыс Қазақстан облысы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің меншігінде тұр.

2025 жылғы сәуірде Қазақстандағы сот “Бипэк Авто – Азия Авто” компаниясының бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істі сырттай қарады. Анатолий Балушкин 9 жылға сотталып, жазасын колонияда өтейді.

Қылмыстық іс аясында сотқа 77 жылжымайтын мүлік объектісін, оның ішінде “Рахман қайнарлары, “Нұртау" және “Порт Фортуна” демалыс базаларын алдын ала тәркілеу туралы өтініш жіберілді.



Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда "Бюджеттен 230 миллиард теңге жымқырды" деген күдікпен іздеуде жүрген кәсіпкер Анатолий Балушкиннің екі ресейлік компаниясы өткен жылы кірісін он есе арттырғанын жазған едік. Компаниялар соғысқа қажет құрал-жабдықтар мен әскери техника шығарумен шұғылданады. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Балушкин өз бизнесін әскери қажеттіліктер өндіретін компания ретінде өзгерткен. Украина әскері екі компания шығарған көліктердің бірнешеуін жойып үлгерді. Кейін тергеу мәліметтері бойынша Балушкин мен Сағымбаев банк несиелері мен бюджетке салық төлеуден жалтарып, қаржыны өздері жымқырған. Жалпы сома 230 миллиард теңгеге қатысты іс тергеліп жатыр. Бұл қаражат негізінде өндірісті 50% оқшаулау дәрежесімен автокөліктерді өнеркәсіптік құрастыру зауытын салуға арналған.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 29 Желтоқсан, 2025 13:21