"Халықты арандатушылыққа апарады": Балтық жағалауы елдері Жеңіс күнін атап өтуге тыйым салды
Балтық жағалауында шоғырланған елдер енді Жеңіс күнін атап өтпейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әуелі Латвия Кеңес Одағы халқының ІІ Дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күнін тойлаудан бас тартып, 9 мамырды Ресей қарулы күштерінің шабуылынан Украинада қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлерді еске алу күні деп жариялады. Осыған байланысты тиісті заң қабылдады.
Енді Эстония полициясы 5-9 мамыр аралығында жиын өткізуге тыйым салды. Полиция 5 мамырдан 9 мамырға дейін Харьюмаа, Ляэне-Вирумаа мен Ида-Вирумаада жиын ұйымдастыруға болмайтынын мәлімдеді.
Полицияның хабарлауынша, мұндай жиындар Ресей мемлекетінің символикасын қолдану арқылы халықты арандатушылыққа апаруы мүмкін.