Әйгілі француз актрисасы Брижит Бардо өмірден озды

Француз киносының аңыз адамы Брижит Бардо 92 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актрисаның қазасы туралы Брижит Бардо қоры хабарлады.
Брижит Бардо 1934 жылғы 28 қыркүйекте Париж қаласында дүниеге келген. Ол кино мансабын 1950 жылдардың басында бастап, 1956 жылы экранға шыққан “И Бог создал женщину” фильмі арқылы танымал болды. Аталған картинадан кейін актрисан 1950–1960 жылдардағы француз киносының жұлдызына айналды.
Кейінгі жылдары Бардо әртүрлі жанрдағы ондаған фильмге түсті. Оның ең танымал туындыларының қатарында “Презрение” (1963), “Вива, Мария!” (1965), “Бабетта идет на войну” (1959), “Ох уж эта девчонка!” (1956) и “Истина” (1960) фильмдері бар.
Актриса кинодағы мансабын шамамен 50 жыл бұрын аяқтап, содан бері өмірін жануарлар құқығын қорғауға арнады.