Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда үш адам газдан уланып қайтыс болды

Атырауда үш адам газдан уланып қайтыс болды Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

28 желтоқсан күні шамамен сағат 13:40-та Томарлы ауылында үш адам газдан уланып көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ақ Жайық” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, үш адамның өліміне табиғи газбен жұмыс істеген жылыту пешінде тартудың болмауы себеп болған.

“Үйде 1958 жылы туған ерлі-зайыпты және 1953 жылы туған ер адам болған. Үшеуі де оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, — деп хабарлайды басылым.



Еске салайық, Оралда ана мен бес бала газдан уланып қалған еді. 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 29 Желтоқсан, 2025 08:30