Атырауда оқушы балтамен жүгірген мектептің директоры қызметінен кетті

Атырау облысында бала ұстаған жасөспірімнің оқиғасынан кейін Құлсары қаласындағы А.С.Пушкин атындағы №6 мектептің директоры қызметінен босатылды. Оқиғаға байланысты жүргізілген қызметтік тексеру аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өңірлік білім басқармасы 5 ақпанда білім беру мекемесінің басшысына қатаң сөгіс жарияланғанын хабарлады. Ал келесі күні директор өз еркімен қызметтен кету туралы өтініш жазып, ол өтініш бірден қанағаттандырылды.
“Кадрлық шешім қабылдауға мектеп ғимаратында болған оқиға негіз болды. 10-сынып оқитын 15 жастағы оқушы қатарластарымен жанжалдасып, кейін оларға шабуыл жасап, оқу орнының аумағынан өз бетінше кетіп қалған”, – дейді білім басқармасындағылар.
- Оқушы қыз буллингтен кейін өзіне қол салмақ болған: Алматыдағы элиталық мектеп жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
- Ақмола облысында би сабағы кезінде 10 жасар қыз көз жұмды
Еске салайық, бұған дейін Құлсарыда 10-сынып оқушысы мектеп дәлізінде балта ұстап, сыныптастарын қуғаны туралы жазған едік. Ақыры екі бала жеңіл жарақат алды.
Қазақстандық зейнеткер алаяқтарға 10 миллион теңгеден астам ақша аударып жіберген
Ол интернеттен тез және көп табыс табуға болады деп сендірген инвестициялық жоба жарнамасын көріп қалған
Италиялық спортшы туған күнінде Олимпиада чемпионы атанып, рекорд жаңартты
35 жастағы конькиші бұған дейін 2022 жылы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында күміс және қола медаль жеңіп алған