Асу Алмабаев UFC-дің чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасқан спортшымен жекпе-жекке шығады
Әлемнің ең үздік тұжырымы UFC-де қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізген Асу Алмабаевтың кезекті жекпе-жектегі қарсыласы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Асу Алмабаев UFC-дегі соңғы жеңісінен кейін тұжырымның аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде 8-орынға көтеріліп, чемпиондық белбеуге бір табан жақындаған еді. Енді Алмабаев 2025 жылдың басында шаршы алаңға қайта оралады. Ол келесі жекпе-жегін 1 наурыз күні өтетін UFC Fight Night 253 турнирінде чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасқан аустралиялық Стив Эрцегке қарсы жұдырықтасады.
Айта кетейік, Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін Матеус Николауға қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жеткен еді.
Вице-министрге берілген ресми құжаттағы қазақша мәтін желіде қызу талқыға түсті
Желі қолданушыдарының пікірінше, құжаттағы "наградталды" сөзі орыс тіліндегі "награждается" сөзінің тікелей аудармасы
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді

