Астаналық құтқарушылар үш қабатты ғимараттағы алапат өртпен алысып жатыр

Астанада Сарыарқа ауданындағы Ықылас Дүкенұлы көшесінде үш қабатты ғимаратта өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өрт сөндірушілер жоғары дәрежелі дайындықпен жұмыс істеп жатыр
“Қазір астаналық төтенше жағдай министрлігінің өрт сөндірушілері Сарыарқа ауданы, Ықылас Дүкенұлы көшесіндегі үш қабатты ғимараттағы өртті жою жұмысын жүргізіп жатыр”, – деп ведомство.
- Оралдағы тұрғын үйде өрт сөндіруші жұмыс істеп жатқан сәтте жойқын жарылыс болды (видео)
- Қарағандыдағы дәмханада газ жарылып, екі адам қаза тапты (видео)
Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылы, өртті сөндіруге 100 адам жеке құрам мен 24 бірлік техника жұмылдырылды.
ТЖМ деректеріне сәйкес, әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.