Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциясын жабуды талап етіп жатыр

Алматылықтар көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциясын жабуды талап етіп жатырФото: 2Gis

Алматы тұрғындары көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциясын жабуды сұрап, сенатқа шағым айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматылықтар жылу электр станциясының кесірінен денсаулығы сыр беріп жатқанын айтып, шағымданды.

“Сенатқа жолданған өтініште тұрғындар ауа сапасының нашарлауына, денсаулығының сыр беруіне, үйді желдете алмай, шығарындыларды үнемі көзге көрінуіне шағымданды”, — деп мәлімдеді қоғамдық ұйымдар.

Шағым сенатқа жолданды. Ондағы көтерілген негізгі мәселе – жылу электр станциясының Алматының ауасын ластауы.

Өтініште бірнеше талап көрсетілген:

  • Тәуелсіз экологиялық сараптама жүргізу және оның нәтижелерін жария ету;
  • Қала аумағында көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО-ны пайдалану заңдылығын құқықтық бағалау;
  • Лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігін белгілеу;
  • Көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО-ны кезең-кезеңімен жабу туралы шешім қабылдау;
  • Нақты іске асыру мерзімдерімен баламалы энергия көздеріне өту.

Еске салайық, Тоқаев жылу электр станцияларына “таза көмір” технологиясын енгізуді ұсынған еді. 

 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 29 Желтоқсан, 2025 17:43