Алматыда студент оқытушысына пышақпен шабуыл жасады

Алматыда студент университет оқытушысына пышақпен шабуыл жасады. Ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәліметке сәйкес, студент оқытушыны жазғы семестрге қалдырғаннан кейін, шабуылды дәретханада жасаған. Әлеуметтік желілерде күдіктінің ұсталған сәті түсірілген видео да жарияланды. Оқиғаның өзге мән-жайлары әзірге нақтыланған жоқ.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған деректі растады.
"Аталған факті бойынша Алмалы ауданы Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті “ізін суытпай” ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір істің өзге де мән-жайлары анықталып жатыр", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Вице-министрге берілген ресми құжаттағы қазақша мәтін желіде қызу талқыға түсті
Желі қолданушыдарының пікірінше, құжаттағы "наградталды" сөзі орыс тіліндегі "награждается" сөзінің тікелей аудармасы
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді