Алматыда хостелдегі өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды
Алматыдағы хостелде өртке байланысты қылмыстық іс тіркелді, деп мәлімдеді төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алдын ала болжам бойынша, өрт жертөле дәлізінде болған. Аталған нысан 1,5 ай бұрын хостел ретінде жабдықталған.
Өрт фактісі бойынша Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғады. Өрттің себептерін анықтау үшін министр Сырым Шәріпханов бастаған төтенше жағдайлар министрлігінен жедел топ жіберілді.
- Алматыдағы хостелдің өртке дейін қандай күйде болғаны көрсетілді (фото)
- Министрлер кабинеті Алматы хостеліндегі өрттің шығу себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрды
Бұған дейін Алматыда хостелдегі өрттің салдарынан 13 адам мерт болғаны айтылды. 56 адам мектепке уақытша орналастырылды. Өртенген хостелдің 1,5 ай бұрын ашылғаны белгілі болды, онда шетелдіктер тұрып келген. Әкімдіктің мәліметінше, қаза тапқандар арасында 11 қазақстандық және екі шетелдік азамат бар.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған