Әлемнің ең үздік балуандары Астанадағы турнирде бақ сынайды
Астанада әлемнің үздік балуандарының қатысуымен еркін күрестен Wrestling Stars халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осымен үшінші рет өтетін дәстүрлі турнирге еркін күрестен еліміздің ғана емес, әлемнің ең үздік балуандары қатысады. Қазақстандық балуандардың ішінен Азия чемпионы Санжар Досжанов, ел чемпионы Мейіржан Әшіров және үш дүркін Азия чемпионы Азамат Дәулетбеков қатысады. Дәулетбеков кадеттер және жастар арасында әлем чемпионы атанып, әйгілі Ярыгин турнирінде топ жарған Алан Багаевпен белдеседі. Сондай-ақ, әлемдік күрес жұлдызы, екі дүркін әлем чемпионы Франк Чамизо да жарысқа қатыспақ.
Айта кетейік, бұған дейін ірі халықаралық турнир Ақтөбе және Астана қалаларында ұйымдастырылған еді. Негізі үшінші турнир Тараз қаласында өтуі керек еді.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған

