Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жеке тұрғын үйден әйел мен үш кәмелетке толмаған баланың денелері табылды

Фото: pixabay.com

Ақтөбеде Алматы ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел адам мен үш кәмелетке толмаған баланың денелері табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақтөбе облысының әкімдігінің мәліметінше, оқиғаның нақты себептері мен мән-жайлары анықталды.

“Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан табиғи газдан улану нәтижесінде орын алуы мүмкін.

Ақтөбе облысының әкімі тапсырмасымен жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияны Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет басқарады. Комиссия уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, тексеру жүргізіп, тергеу қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдайды.



Ақтөбе облысының әкімдігі марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетіліп, сондай-ақ қажет материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетіледі”, – делінген әкімдік хабарламасында.

Қазір құзырлы органдар тарапынан тергеу амалдары басталған.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 09 Ақпан, 2026 15:38