Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тас жолында көлік қозғалысы қайта ашылды
Ақтөбе облысында көп шақырымдық кептеліс тарап, ауыр жүк көліктері жүрістерін жалғастыра бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан жасалған скрин
“ҚазАвтоЖол” таратқан ақпаратқа қарағанда, "Самара-Шымкент" республикалық маңызы бар күре жолының "Бөгетсай-Хромтау-Ақтөбе" бағыты бойынша жүк көліктері жүре бастаған.
"ҚазАвтоЖол" хабарлағандай, жексенбі күні тас жолда 2606 жүк көлігі кептелісте тұрған.
- Қазақстанның тоғыз облысында республикалық маңызы бар тас жолдар жабық
- Қар көшкіні Шығыс Қазақстан облысына баратын жолды жауып қалды
Бұған дейін Хромтау қаласы мен Қарабұтақ ауылы арасында 30 шақырымдық көлік кептелісі пайда болғаны хабарланған.
Ауыр жүк көлігінің жүргізушілері көліктерін 4 шақырымға екі-үш қатарға қойып қойған. Бұл жол бөлігіндегі қарды тез арада тазалауға кедергі келтіріп, жолшылардың жұмысына кедергі келтіруде.
Кептелісті жою үшін ауыр жүк көліктерінің иелері іздестіріліп жатқаны хабарланған.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған