Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 465- 469 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 465,5 – 468,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 465– 469 теңге аралығында құбылып тұр.
5 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,43 теңгеге қымбаттап, 465, 84 теңге болған.
Ұлттық банктің 6 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 465, 93 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,53 теңге болды.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,15– 6, 45 теңге аралығында саудаланып жатыр.
