Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тағы да қалыңдық атанбақ

Танымал әнші әрі актриса, “КешYOU” тобының экс-солисі Ақбота-Нұр Абайқызы қуанышты жаңалығын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі RevueNews-қа берген сұхбатында жақында екінші рет тұрмыс құратынын жеткізді.
“Менің басым бос емес. Жүрегімді жаулаған серігімнің кім екенін жарты жылдан кейін сұраңыздар. Сол кезде тойыма шақырамын”, – деді ол.
Күні кеше актриса басты рөлді сомдаған “Соңғы махаббат” фильмінің жабық көрсетілімі өткен еді. Әнші әңгіме барысында сүйіктісінің де сол жақта жүргенін ашық айтты. Сондай-ақ өнер иесінің сөзіне қарағанда, болашақ жары өнер жолынан аулақ.
Айта кетейік, Ақбота-Нұр Абайқызы мен актер Дәурен Айдарқұлов 2017 жылы шаңырақ көтерген еді. Алайда 2020 жылы ажырасып кеткен. Қазір олардың бір ұл, бір қызы бар.
Еске салайық, бұған дейін Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова бұрынғы ата-енесіне қатысты сұраққа жауап бергені хабарланған еді.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады