Әділет Садыбеков “Арсенал” ойыншысы Кай Хавертцпен не туралы сөйлескені белгілі болды

Әділет Садыбеков “Арсенал” ойыншысы Кай Хавертцпен не туралы сөйлескені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының соңғы турында атақты "Арсенал" командасына қарсы матч өткізіп, 3:2 есебімен жеңіліп қалған еді.
Дәл осы ойында “Қайрат” командасының футболшысы Әділет Садыбеков пен Кай Хавертц арасындағы алаңдағы әңгіме жанкүйерлер арасында ерекше қызығушылығын оятты.
Әсіресе Әділет Садыбековтің ағылшын тілінде еркін сөйлегені көпшіліктің ризашылығын тудырды.
Кейін Әділет Садыбеков екі футболшының арасында қандай әңгіме болғанын айтып берді.
"Арсенал" командасына қарсы ойында Кай Хавертцпен қысқа әңгіме болды. Негізі қарапайым футбол туралы, ойын барысы жайлы сөйлестік. Бір-бірімізге сәттілік тіледік. Ерекше құпия әңгіме болған жоқ, жай ғана кәсіби ойыншылар арасындағы диалог”, – деді Әділет Садыбеков.
Айта кетейік, Әділет Садыбеков Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде "Брюгге" командасына қарсы ойында гол соқты.
Осылайша ол Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақстандық футболшы атанды
Әділет Садыбеков “Арсенал” ойыншысы Кай Хавертцпен не туралы сөйлескені белгілі болды