Абай облысында орман өртіне оранған ауданның әкімі ауысты
Абай облысында орман өртіне оранған Бородулиха ауданының әкімі ауыстырылды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігімен және Бородулиха ауданы мәслихатының депутаттарымен келісе отырып, облыс әкімі Абай Нұрлан Ұранхаевтың өкімімен Ибраев Айдар Маратұлы Бородулиха ауданының әкімі болып тағайындалды”, – делінген сәрсенбіде тараған ақпаратта.
- Орман өрті өршіп тұрған Абай облысында жаңбыр жауды
- "Кетуге заттарды дайындап қойдық": Абай облысындағы орман өрті Семейге жақындады
Ибраев 2022 жылдың қазан айынан бастап Абай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасының басшысы, оған дейін Ұлан ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы, Жарма ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған