Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халықтан 25 миллиард теңге жинаған "Asar Baspana" қаржылық пирамидасының ісі сотқа жолданды

Фото: ҚМА

Қазақстанда өздеріне 90 мыңнан астам адамды тартып, 25 миллиард теңгеден астам қаражат жинаған "Asar Baspana" қаржылық пирамидасының ісі сотқа жолданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, қаржы пирамидасы қызметінің фактісі бойынша тергеу аяқталған.

“Пирамида 2023 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық аумағында тұтыну кооперативі ретінде әрекет еткен. Қаржылық пирамида қызметіне 90 мыңнан астам азамат тартылған және олар 25 миллиард теңгеден астам қаржы салған. Көп жағдайда бұл қаражат жеке кәсіпкерлердің бақылауындағы шоттар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұйымдастырушылар оны жеке мақсаттарына пайдаланған. Ал қаражаттың есебі әдейі жүргізілмей, қылмыстың ізін жасыру көзделген”, – делінген хабарламада.



Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды.

STAN.KZ
Жұма, 06 Ақпан, 2026 13:45