35 жастағы италиялық шорт-трекші алты Олимпиада қатарынан медаль алған алғашқы спортшы атанды

Италияда жалауын көтергкн XXV қысқы Олимпиада ойындарында тағы бір ерекше оқиға тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
35 жастағы италияндық шорт-трекші Арианна Фонтана қатарынан алты Олимпиадада медаль еншіледі.
Осыған дейін оның еншісінде 3 алтын, 4 күміс және 4 қола жүлде болған. Бүгін ол аралас эстафетада командаластарымен бірге Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды.
Арианна Фонтана Олимпиададағы алғашқы жүлдесін 2006 жылы Туринде өткен қысқы Олимпиадада иеленген. Ол кезде италиялық спортшы әйелдер арасындағы эстафетада қола медаль алған еді.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған