Ақтауда қызға 300 рет қоңырау шалып, аңдыған ер адам қамауға алынды

Ақтауда ер адам қызға түрлі нөмірлерден 300 рет қоңырау шалып, аңдығаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, қала тұрғыны бұрынғы танысы өзіне тыныштық бермей, соңынан қалмай жүргенін айтып 3 ақпанда полицияға жүгінген. Айтуынша, ер адам 2024 жылдың қазан айынан бері мазасын алған. Ол оның үйіне және жұмыс орнына қайта-қайта келіп, демалыс орындарында да аңдып жүрген.
Полицияның мәліметінше, күдікті әйелге түрлі нөмірлерден шамамен 300 рет қоңырау шалған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты қорғау нұсқамасы шығарылғанымен, ол талапты орындамаған. Осыған байланысты нұсқаманы бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған.
Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қант диабетімен ауыратын 19 жастағы қазақстандық комиссия шешімімен "емделіп" кеткен: Оны мүгедектігінен айырып тастады
Дамиани: "Мүгедектіктен айырылған адам әлеуметтік төлемдерді, жеңілдіктер мен кепілдіктерді жоғалтады"
Елімізде жұмыс берушілерге жалғызбасты ана мен әкені жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ
Депутат Ерлан Сайыров құжаттағы негізгі өзгерістерді айтты